Переключение языков

2018 жылдың 4 қазанында Науырзым қорығы экология ағарту бөлімінің мамандары жануарлар мен адамдар арасындағы қарым-қатынас, жануарлардың ешбір түрін елеусіз қалдырмау, өмірімізде жануарлардың маңызды орын алатынын мойындау, қоршаған ортаны бай қалпында сақтауда жануарлардың мол үлесі бар мақсатында Жамбыл орта мектебінің 7 – ші сынып оқушыларымен «Дүниежүзілік жануарларды қорғау күнін» атап өтті.

Науырзым қорығының визит-орталығында балаларға жануарларды қорғау күнімен таныстырып, презентация көрсетіліп, оқушылар екі топқа бөлініп әр топ жануарларды қорғау тақырыбында сурет салып қорғады. Содан кейін Науырзым қорығының № 1 «Бұлақ» экологиялық соқпағына бардық. Ол жерде экологиялық эстафета ұйымдастырылды. Жануарларды қорғау күніне өткізілген мерекелік іс-шараға тапқырлық танытқаны үшін және белсене қатысқаны үшін оқушыларға мадақтама қағаздары және сый-сияпат берілді.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru