Переключение языков

2023 жылдың 28 желтоқсанында, қорығымыздың Келу орталығының акт залында Науырзым қорығының директоры Қойлибаев Дулат Ғауезханұлы қорық қызметкерлерін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, 2023 жылға шолу жасады. Дулат Ғауезханұлы, 2023 жылдағы атқарылған игі істер мен алда жүзеге асырылар жоспарларымен бөлісе келе, салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің төс белгісімен, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту саласындағы биологиялық әртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін 2-ші дәрежелі төс белгісі Саржанов Кеңесхан Мырзаханұлына табысталды. 1-ші дәрежелі төс белгі Каримов Наурызхан Сакенұлына және дәл осындай төс белгі Какенов Серік Халимжанұлына табысталды.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы қоғамдық бірлестігі кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін, төс белгісін Қойлибаева Әсем Жақсылыққызы иеленді.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамоталарымен Хасенова Бану Нұржанқызы, Тасанов Нұрлан Сәрсенбайұлы марапатталды.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы қоғамдық бірлестігінің Алғыс хатымен мемлекеттік инспектор Омаров Жандос Аманбайұлы марапатталды.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru