Переключение языков

Жер бетіндегі халық санының күрт өсуіне байланысты әлем экологиясының нашарлап бара жатқанын XIX ғасырдың соңында сезіле бастады.

Адам баласы аң, құс аулаудың сан түрілі тәсілдерін ойлап тауып көптеген түрлерін жоя бастады. Жер бетіндегі әртүрілікті сақтап қалу мақсатында, Парижде 1902 жылы ондаған мемлекеттердің басшылары қол қойған, «Ауыл шаруашылығына пайдалы құстарды қорғау» жайлы заң жобасы жасалынып, 1905 жылдың 12 желтоқсанында толығымен күшіне енді, 1906 жылдан бастап бүкіләлем болып «Құстар күні» мерекесі аталып өтіле бастады. 1927 жылдың көктемінде жас натуралситердің К.А. Темирязов атындағы орталық биостанциясында балалардың құстарға арналған тұңғыш мерекесі «Құс күні» өткізілді. Мерекенің басты мақсаты –жас өспірімдердің қоршаған ортаға көзқарасын дұрыс қалыптастырып, сүйіспеншілігін арттырып, табиғи ортаның қамқоршысы болуды бейімдеу болатын.

Қазақстанның биоалуантүрілікті сақтау қауымдастығы (ҚБСА) мен Құстарды қорғау одағы (ҚҚО) бірлесе отырып, 2006 жылдан бері «Жыл құсын» таңдауды дәстурге айналдырып келеді. 2021 жыл құсын «Бірқазан» деп белгіледі.

Науырзым қорығы «Парктер шеруі 2021» табиғатты қорғау акциясы аясында 1 сәуір құстар күніне орай, «үйшік» акциясын өткізді. Акцияның басты мақсаты – оқушылардың табиғатты сүюге, аң құстарды сақтауға, қамқорлық көрсете білуге үйрету. «Үйшік» акциясы барысында қорықтың мемлекеттік инспекторларымен болашақ табиғат жанашырлары жас буын экологтар құстарға арнап, ұя жасап, оларды ағашқа іліп құстарға қамқорлық жасауға өз үлестерін қосты.

Қазіргі таңда жас ұрпаққа үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беріп отырсақ ұрпағымыздың дені сау, болашағымыз мықты болары хақ.

Бүкіләлемдік құстар күні
Бүкіләлемдік құстар күні
Бүкіләлемдік құстар күні
Бүкіләлемдік құстар күні
Бүкіләлемдік құстар күні

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru