Переключение языков

Ағымдағы жылдың 30 қараша күні Науырзым ауданында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген салтанатты іс-шарада Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының бірқатар қызметкерлері Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі медалімен, құрмет грамотасымен марапатталды. Атап айтатын болсақ:

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Еңбек ардагері» медалі Байтұяқов Мәлік Сәдуақасұлына тапсырылды;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитеті , биологиялық әртүрлілікті сақтауда және көбейтуде қол жеткізген табыстары үшін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және талдамаларды өндіріске енгізгені үшін III-дәрежелі медалі Әсем Жақсылыққызы Ізбасароваға тапсырылды;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитеті «Құрмет грамотасымен» Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы жоғары көрсеткіштері, кәсіби шеберлігі, сала алдына қойылған міндеттерді шешуге жеке үлес қосқаны үшін Құрманғазы Кенжебайұлы Шененов марапатталды.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru