23 сәуірде «Парктер шеруі – 2021» акциясы аясында Жамбыл жалпы білім беретін мектебінде 7 «Б» сынып мектеп оқушыларына Науырзым қорығының ғылыми қызметкерлері «Науырзым қорығы ормандары және зиянкестері» тақырыбында сабақ өткізген болатын.

Ғылыми қызметкерлер Сафина А. мен Тастайбаева А. презентация сабақ түрінде оқушыларға өздерінің жұмыстарымен таныстырып, қорықтағы ағаш түрлері мен ағашты зақымдайтын зиянкес бунақденелер түрлерінің суреттерін ұсынды. Сондай-ақ, ғылыми қызметкер Тастайбаева А. оқушыларға Науырзым қорығы орманында кең тараған зиянкес бунақденелілердің әр түрлі даму сатысын кептірілген даналарын коллекциялық қорын оқушыларға көрсетті. Оқушылар сабаққа аса қызығушылықпен қарап, олардың жартысынан көбі белсенділік танытып сабақ соңында қойылған сұрақтарға бірден жауап беріп отырды. Бұл олардың жоғарыда айтылған тақырыптағы қорық туралы мағлұматты сабақты жақсы меңгергенің көрсетеді. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға қорық атынан ерекше сыйлықтар ұсынылды.

Науырзым қорығы ормандары және зиянкестері
Науырзым қорығы ормандары және зиянкестері
Науырзым қорығы ормандары және зиянкестері
Науырзым қорығы ормандары және зиянкестері
Науырзым қорығы ормандары және зиянкестері

Республиканское государственное учреждение
"Наурзумский государственный природный заповедник"
Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан