Сәуір айының басталуымен Науырзым қорығының қызметкерлері кешенді мониторингтік іс-шараларды өткізуге кірісті. Жұмыс барысында құстардың көші-қон мерзімдері бойынша фенологиялық деректерді жинау, сондай-ақ олардың санын есепке алу жүргізіледі. Сонымен қатар Науырзым және Бешағаш орманшылығы аумағында көктемгі орман-патологиялық тексеру басталды. Олардың көбею, қыстайтын қоры бойынша есеп жұмыстары жүргізілді.
Сәуір айының 13-ші жұлдызы күні Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының экология ағарту бөлімнің мамандары Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушылары мен «Парктер шеруі-2023» табиғатты қорғау акциясы аясында «Табиғатты жүрегіңмен сезін» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында оқушылармен пікір алмасып, презентациялар көрсетілді.
Халықаралық құстар күні қарсаңында Науырзым қорығында "Науырзым" БЭҰ " ҚБ қолдауымен "Туған өлке құстары" фотокөрмесі ашылды. Көрменің ашылуына балалар шығармашылығы үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Көрме барлық ниет білдірушілер үшін 3-7 сәуір аралығында қолжетімді болады. Келу үшін 8707497395, 87770549926 телефондары бойынша алдын ала хабарласу қажет. Бір топтың құрамы 15-20 адамнан аспайды.
Бүгін, 31 наурызда Науырзым мемлекеттік табиғи қорығына өрт сөндіру кезінде өрт сөндіру автомобильдерін пайдалану мәселелері бойынша ОТҚ жеке құрамының теориялық және практикалық сабақтары өтті. Оқу-жаттығу Науырзым ауданының 20-ӨСБ және ТЖБ қатысуымен өткізілді, жауынгерлік өрістету және өртке қарсы жабдықтарды пайдалану тәртібін айқын көрсетті.
Экология ағарту бөлімінің мамандары Жамбыл жалпы білім беретін мектеппен бірігіп биология, химия, география апталығына байланысты «Құстарға қамқор болайық» атты келу орталығында пікір талас сайыс іс-шара өткізді. Оқушылардың құстар әлемі құпиясы туралы түсініктерін кеңейтіп, ой өрістерін дамыту. Негізінен қанатты достарға қамқор болуға, оларды аялап баптауға бейімдеу.
Бүкіләлемдік су күніне орай Жамбыл жалпы білім беретін мектепте «Су тіршілік нәрі» атты 3 «Б» сынып оқушыларына ашық сабақ берілді. Адам өміріндегі қажетті жағдайлардың бірі су екенін, сусыз тіршілік жоқ екенін түсіндірілді. Оқушыларға судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы мәліметтер айтылды. Тәжірибе жасалып, судың қасиеттерін білді.
20 ақпан 2023 жылы экология ағарту бөлімінің мамндары Жамбыл жалпы білім беретін мектебінде 5 сынып оқушыларына «Біз бәріміз табиғатқа жауаптымыз» тақырыбына ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: Қоршаған ортаны қорғау, табиғат тіршіліктің тірегі тақырыптары бойынша мәлімет беру, Қазақстанның көрікті жерлері, қорықтары, қызыл кітап туралы мәлімет ала отырып, әр түрілі тапсырмалар орындау арқылы білімдерін бекіту. Шығармашылық қабілеттерін шыңдау, ойлау қабылетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
7 ақпан күні Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының экология ағарту бөлімнің мамандары Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушыларына «Табиғатым тал бесігім» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының басты мақсаты – оқушылардың санасына қоршаған ортаға туған өлке табиғатына деген сүйіспеншілікті және табиғат құбылысында болатын амалдар туралы түсінік қалыптастыру. Туған жерді, қоршаған ортаны сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу.
2-ші ақпан «Сулы-батпақты аймақтар» күніне орай Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми бөлімінің аға қызметкері Батряков Р.Р., экология ағарту бөлімінің мамандары Шалдыбаева Ж.А., Төңкерхан М. балалар шығармашылық үйінің оқушыларына «Қазақстанның сулы батпақты аймақтары» тақырыбында іс шара өткізді.