Кәкенов Ғалымжан Кәкенұлы
(10.03.1940ж. – 25.04.2015ж.)
Ғалымжан Кәкенұлы 1940 жылы 10 наурызда дүниеге келген. Өз еңбек жолын сонау 1957 жылы бұғанасы бекімеген балаң жігіт шағында бастапты.

Механизатор курсты тәмамдап, Дәмді совхозына жұмысқа кіріп, кейін 1961 жылы шоферлық курстан соң Науырзым мемлекеттік табиғи қорығында еңбек жолын жалғастырды. Содан бері табаны күректей қырық жыл ауыр жүк көлігінің жүргізушісі, соңғы уақытта жасының ұлғаюына байланысты күзетшілікке ауысты. Адал еңбек әділ бағасын алады демекші 1984 жылы берілген Жоғарғы кеңестің құрмет одағының орман шаруашылығы Мемлекеттік комитетінің құрмет грамотасы, Еңбек ардагері медалі, Кеңестер көсемінің 100 – жылдығына арналған медальдарының сыртында, әр бесжылдық сайын «Бес жылдық екпіндісі», «Социалистік жарыс жеңімпазы» құрмет белгілерімен марапатталған.
Жүк машинасымен Қазақстан қалаларын атамағанда, Ресейдің де Горький, Челябі, Қорған тағы басқа қалаларынан жүк тасып, ми қайнатар аптабы мен бет қарыған аязында талай жол азабын көрген.

Ғалымжан Көкенұлы жастарға өмір тәжірибесі болсын, жүргізушілік пен көліктің қыр – сыры болсын әрқашан бөлісіп, білгенін үйретуден жалыққан емес.
2003 жылы Науырзым мемлекеттік табиғи қорығынан зейнеткерлікке шықты. Отбасында жеті перзент тәрбиелеп өсірді. Қазіргі таңда сол жеті перзенттен жарық көрген 12 немересі бар.
«Әке көрген оқжонар, шеше көрген тон пішер» демекші әке жолын қуып ауыр жүк көлігін жақсы меңгерген, өз ісіне адал, баласы Серік Ғалымжанұлы Науырзым қорығында еңбек жолын жалғастыруда.

 

Республиканское государственное учреждение
"Наурзумский государственный природный заповедник"
Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан