1954 ж. 9 қыркүйекте Амангелді ауданы, Үрпек ауылында мұғалімнің отбасында дүниеге келді. 1961 жылы Амангелді ауданы Қайғы ауылы, «Мереке» орта мектебінің табалдырығын аттап, 1972 жылы осы мектептен орта білім алып шықты.

1973-1975 жж. Совет Армиясы қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы борышын өтеді. Білімі – арнаулы орта. Радиобайланысы, почта байланысы курстарын өткен. 1975-1998жж. Науырзым ауданы, «Қостанай комсомолы» совхозында Мәдениет үйінің директоры, радиобайланыс технигі, совхоздың аға диспетчері, почта байланыс бөлімінің бастығы, кәсіподақ комитетінің төрағасы, совхоз директорының орынбасары болып қызметтер атқарды.

1998 жылы аудан орталығы Қарамеңдіге қоныс аударды. 2000 жылға дейін күзет жұмыстарын істеп, 2000 ж. бастап 2011ж. дейін аудандық ауылшаруашылығы басқармасында диспетчер, 2011-2017 жж. Науырзым мемлекеттік табиғи қорығында диспетчер, мемлекеттік инспектор (14 айналым, Қотантал) қызметтерін атқарды.
2017 ж. бастап зейнеткер. Жұбайы Бибікенмен 5 бала тәрбиелеп, олардан немерелерін сүйіп отыр. Бүгінде Нұр – Сұлтан қаласында тұрып жатыр.

Республиканское государственное учреждение
"Наурзумский государственный природный заповедник"
Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан