Переключение языков

Науырзым қорығының еңбек ардагері еліміздің құрметке лайық – тыл ардагері.
«Майдан», «тыл» деген жай аты ғана. Әйтпесе, бірі мылтықты, бірі мылтықсыз – екеуі де жанкешті шайқас болатын.

Ер азаматты оқ қинаған, бала-шағаны жоқ қинаған заманда не бәрі ол кезде он үш-он төрт жастағы баламыз - дейді бүгінгі біздің кейіпкер. Оспанов Балтабек 1928 жылдың бесінші қарашасында дүниеге келген. Ала сапыран соғыс жылдарында тылда еңбек жасап ауылшаруашылығында жұмыс жасадық. Біз қатарлы балалар шаруадағы аналарының қасында қолғабыс беру үшін еріп жүретін. Қыста мал суарысып, малға пішен салысып, ауланың қарын күреп, үлкендерге көмектесетін. Пішен шабу науқаны кезінде мая басына атқа жегіп шөмеле таситынбыз. Ересектеу балалар жазатайым жұмысқа шықпай қалса, бригадир оларға қамшы үйіруге дейін баратын. Сол уақыттарда тәртіп қатаң, дегенмен мұндай әрекетке пәлендей мән берілмейтін. Соғыс зардабына жететін зардап жоқ шығар. Аш құрсақ болғанымыз да рас, жалаңаш болғанымыз да өтірік емес – дейді қария.

Балтабек ақсақалымыз жиырма бір жасында үйленіп балалы шағалы болды. 80-ші жылдар шамасында Науырзым қорығында қорықшы қызметін атқарып, түрлі іс-шараларға белсене қатысып мақтау қағаздарына ие болған. Атап айтсақ 1983 жылы «Орман жұмыскерлері» күніне орай бес жылдық жоспарды орындауда көрсеткіш жетістігі үшін «Құрмет кітабына» енген. 1984 жылы Науырзым қорығының құрылған күніне 50 жылдық мерейтойына байланысты табиғатты қорғау бойынша ерең еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталған. 1984 жылы Көкшетау қаласында ВИПКЛХ КАЗ филиалында орманшы мамандығы бойынша білім алған.
Қазіргі уақытта 93 жастағы қас қариямыз 10 бала тәрбиелеп, 29 немере, 40 шөбере, 2 шөпшегінің қызығын көрген ардақты абыз ақсақал.

Хас батырымыз Бауыржан Момышұлы «Тылдағы еңбек болмаса, майданда жеңіс те болмас еді» деген болатын. Осындай қиямет-қайым қиындықтарды жеңе білген кешегі тыл еңбеккерлеріне мың алғыс. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деген дана халқым, отбасында ырыздық несібесі арта берсін, атамыз 100 жасасын...

Оспанов Балтабек
Оспанов Балтабек
Оспанов Балтабек
Оспанов Балтабек
Оспанов Балтабек

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru