Переключение языков

Еңбек ардагері - ел тарихы.

Қазақ халқы қандай қиын кездерді басынан өткерсе де, мойымаған жасымаған халық. Осындай жанкешті рухы мықты халықтың ұрпағы да қайсар, батыл мойнына алған ісін аяғына дейін жеткізуге тырысатын жауапкершілігі мықты болған.

Атап айтсақ Науырзым қорығының 90 жылдық мерейтойына орай жасөспірім 13 жасынан еңбек жолын бастап, талай қиын қыстауды басынан өткірген атамыз Токушев Жарас туралы әңгіме қозғалмақ. Баласы Ерік Токушев 2013 жылы дүниеден өткен марқұм әкесінің қорықта атқарған қызметі туралы мақтанышпен әңгімелеп берді.

Менің әкем Токушев Жарас 1930 жылы Қостанай облысы Семиозер ауданы Ақсуат аулында дүниеге келген. Әке-шеше көрмей нағашысы Токушев Молдағалидың қамқорлығының арқасында аяғынан тік тұрып, жұмысқа ерте ораласқан. Еңбек жолын 1943 жылы Науырзым мемлекеттік қорығына жұмысқа орналасып сол жерден 1990 жылы зейнеткерлікке шыққан.

1945 жылы ресми түрде жұмыскер ретінде қабылданып, 1949 жылы жылқышы болып ауыстырылған. Содан 1951 жылдан бастап орманшы қызметіне тағайындалып, талай бұйрықтармен құрмет қағаздарына ие болып, мықты орманшы ретінде өз қызметін абыроймен атқарған.

1984 жылы Орман шаруашылығы қызметкерлерінің біліктілігін жоғарлату Бүкілодақтық Қазақ филиалы институтында оқып орманшы куәлігі берілген. Өзінің еңбекқорлығының арқасында 1984 жылы 31 қаңтар айында Жоғары Совет Президиумі испалком шешімімен ұзақ мерзімді адал еңбегі үшін «Ветеран труда» медальімен, 1971 жылы 8 сәуір айында CСР Жоғары Совет Президиумі №568530 жарлығымен «Знак почета» орденімен марапатталған. 1979 жылы 23 тамызда КАЗССР Орман шаруашылығы министрінің №146 бұйрығымен төс белгі «СССР Мемлекеттік орманды қорғауда ХХ жыл үздіксіз қызметі үшін» атаққа ие болған. 2012 жылдың қыркүйек айында «Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы» РММ 80 жылдық мерейтойына арнай шықыру алып қорық директорының атынан шапан жабылып құрмет көрсетілді.

Әкемізден 2 баламыз 7 немересі бар. Жалпы өміріне разы болған кісі. Бірге жүрген жолдастары: Молдахметов Қуанышбай, Қасымов Бірмат, Тусупеков Мұқаш.

Еліміздің қазіргі әлеуметтік жаңғырту саясатының негізіне шынайы өндірістік еңбек қойылып отыр. Әр отбасының бай қуаттылығын оның мүшелерінің іс-әрекетіне, еңбекке деген көзқарасына байланысты. Ендеше еңбектің қадір-қасиетін ұғынар ұрпақ қалыптастыруда осындай нағыз еңбек адамдарын үлгі тұтайық және олармен мақтанайық.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru