Бүкіләлемдік құстар күні !
1-сәуірде әлем бойынша құстар күнін дәстүрлі түрде атап өтеді.

Бұл күннің шығу тарихы хх ғасырдан басталады. 1902 жылы Парижде оншақты мемлекет қол қойған «Халықаралық ауыл шаруашылығында маңызы бар құстарды қорғау конвенциясы»-құрылды. 1905 жылы 12-желтоқсанда күшіне еніп, 1906 жылдан тойлана бастады. Атаулы күннің мақсаты – табиғаттағы құстардың барлық түрін жұмыртқа салу және жылы жаққа қайту мезгілдерінде қамқорлыққа алу, жоғалып кету қаупі бар құс түрлерін қорғау, құстарды аулаудың кейбір түрлеріне тыйым салу, құс өсіру және адамдарды табиғатты сақтауға сауаттандыру үшін қорықтар ашу.

Қазіргі уақытта Наурызым мемлекеттік табиғи қорығында құстардың 318 түрі кездеседі. Олардың 55 түрі ұя салады, 77 түрі ұшып өтетін, 46 түрі сирек кездесетін ұшып келуші (немесе кезеген ), және 8 түрі қыстауға ұшып келуші құстарға жатады. Тұрақты түрде ұя салушыларға 116 түрі жатады, олар қорықтың жазғы фаунасының негізін құрайды. Ал Қазақстанның қызыл кітабына 36 түрі енген. Көлдердің жоғары толысу кезеңінде, оларға тағы да 13 түрі қосылып судың көп болу уақытында ұялайтындар ( ескек аяқтылар, сирақтылар, ақбас үйрек) т.б. Құстар - табиғат, өмір көркі. Халық шебер әншісін бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға, қас сұлуын аққуға теңеген. Құс барлық пен байлықтың, әсемдік пен сұлулықтың белгісі. Осыған байланысты барлықтарыңызды Халықаралық құстар күнімен құттықтаймыз.

Республиканское государственное учреждение
"Наурзумский государственный природный заповедник"
Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан