Адам баласының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрілі қалдықтармен қоршаған ортаны ластайды.

Бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауына түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады.
Қазіргі кезде барша адамзатты елеңдетіп отырған келелі де, күрделі мәселенің бірі қоршаған ортаның ластануы. Ал қоршаған ортаны ластау, тамылжыған табиғаттың тағдырын құрту. Қоршаған ортаны ластау – адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде — қатты, сұйық және газ тәріздес қалдықтарды табиғи ортаға: атмосфераға, гидросфераға, топыраққа шығару; қоршаған ортада қажет емес физикалық факторлардың: шудың, жылудың, сәуле шығаратын радиацияның, ультрадыбысты толқындардың, выбрациялардың және тағы басқа пайда болуы нәтижесінде қоршаған ортаның физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі болып табылады.
Біз күні кешеге дейін табиғат қорғау ісінде шектеліп келдік. Табиғатты қорғау- ғалымдардың, әдейі бөлінген қорықшы орманшылардың міндетті деген пиғлы басым болды. Ал мұның аржағында айнала қоршаған ортада не болып жатыр, ауа мен ауыз судың тазалығы не күйде, жер азып тозып бара жатқанын қалай тоқтату керек деген мәселелер төңірегінде ойланып, бас қатырып жатпадық. Соның салдарынан қоршаған ортамыз аяусыз зардап шекті. Түйіндей келе қоршаған ортаға қамқорлықпен қарайық демекпін!

Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы Ж.Шалдыбаева

Республиканское государственное учреждение
"Наурзумский государственный природный заповедник"
Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан