Жыл сайын «Халықаралық құстар күні» мерекесі 1 сәуірде атап өтіледі. Жыл сайын «Халықаралық құстар күні» мерекесі 1 сәуірде атап өтіледі. Бұл құстарды қорғауға арналған іс шараға Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы да тыс қалмай жылма жыл өткізуді дәстурге айналдырған. Биыл ауарайының қолайсыздығына байланысты сәуірдің төртінші жұлдызында балалар шығармашылық үйінің «Жас туристер станциясы» экология үйірмесінің оқушылармен бірлесіп өткізілді. Акция барысында Наурызым қорығының қызметкерлері болашақ табиғат жан ашырларына презентация көрсетіліп құстардың тіршілігімен таныстырды. Іс шара соңында сәуірдің 22 жұлдызында құстарға ұя жасап «Үйшік» акциясын бірге өткізуді жоспарлады. Жоспарға сай сәуірдің 22 жұлдызында Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері «Үйшік» акциясы ұйымдастырды. Үйшік акцясының мақсаты оқушыларды табиғатты сүюге, аң-құстарды қорғап, қамқорлық көрсете білуге үйретіу. Акцияға атсалысқан балдырған балабақшасының кішкентай табиғат жанашырлары мен қорық қызметкерлері және балалар шығармашылық үйінің оқушыларымен бірлесіп балдырған балабақшасының ойын алаңындағы ағаштарға көптеген ұя жасап, ағаш басына орнатты. Құстар – адамның досы және көмекшісі. Өкінішке орай, көбісі бұлай ойламайды. Табиғатты сақтауда, ауыл шаруашылық жұмыстарында құстардың маңызы зор екенін білмейміз. Біріншіден, олар өсімдіктерге зиян келтіретін қырықбуын, біте, бізтұмсық сияқты зиянды жәндіктермен қоректеніп, екіншіден құстар арамшөптің өсуіне қарсы күресуге көмектеседі. Табиғатқа тамаша тарту жасай берейік, құстарға қамқор бола білейік, достар! Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы Экология ағарту бөлімі Төнкерхан М.
Республиканское государственное учреждение
"Наурзумский государственный природный заповедник"
Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан