Переключение языков

Адам үшін қанаттылардың маңызы өте зор. Қазақстан территориясында беткейін жасыл орман алып жатқан таулар, жағасында жел тербеген қамысты, қоғалы өзен-көлдер, суы тапшы шөлдер көп.

Осы қоныстардың барлығында құстар кездеседі. Жасыл желек жамылған кең байтақ даламызда (шымшық, торғай, тоқылдақ ементұмсық және т.б) егістік бау-бақша, орман зиянкестері-насекомдармен, кеміргіштермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына айтарлықтай пайдасын тигізеді.
Қазіргі уақытта науырзым мемлекеттік табиғи қорығының көркіне айналған құстардың 318 түрі кездеседі. Олардың 55 түр ұялайды, 77 ұшып өтетін, 46 сирек кездесетін ұшып келуші (немесе кезеген ), және 8 түрі қыстауға ұшып келуші құстарға жатады. Тұрақты түрде ұя салушыларға 116 түр жатады, олар қорықтың жазғы фаунасының негізін құрайды. Ал қазақстанның қызыл кітабына 36 түрі енген. Көлдердің жоғары толысу кезеңінде, оларға тағы да 13 түр қосылар-судың көп болу уақытында ұялайтындар ( ескек аяқтылар, сирақтылар, ақбал үйрек т.б.)
Табиғатты құрайтын тіршіліктің бірі – құстар. Құс адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Табиғат біздің байлығымыз, сол табиғаттың көркімен, сәніне, әніне айналған құстарды қорғайық.

Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы Ж.Шалдыбаева

1302 1

1302 1

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru