Сәуірдің 1-нен мамырдың 15-не дейінгі аралықта «Парктер шеруі-2023» табиғатты қорғау акциясы аясында байқау жарияланды. 5-11 сынып оқушылары «Туған жерім тал бесігім!» мультимедиялық байқауы, «Бабамнан қалған кең дала!» өлең, арнау, эссе шығармашылық байқауы, «Сүйікті жануарым» қолөнер байқаулары бойынша бақтарын сынады.
Құрамында Науырзым қорығының ардагерлері алқасының төрағасы Қ.Күмісбеков және Қарамеңді селолық әкімдігінің бас маманы А.Уразбаевадан құралған үйлестіру кеңесінің шешімімен байқау қорытындыланып, шешімі шығарылды.