Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы экология ағарту бөлімінің мамандары «Парктер шеруі- 2023» Халықаралық табиғат қорғау акция аясында, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің № 2-ші жалпы білімберетін мектеп оқушыларымен кездесті.
Оқушыларымыз «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» тақырыбында өз шығармашылықтарынан «Табиғатым туған өлкем» туралы өлең жолдарын арнап, қойылым көрсетіп, ән айтып өз өнерлерін ортаға салды.
Экология ағартушылары мектеп оқушыларына ағаш отырғызу әдісін түсіндіріп, мектеп ауласына көшеттер отырғызылды. Іс шараның мақсаты: оқушылардың санасына қоршаған ортаға, туған өлке табиғатына деген сүйіспеншілікті арттыру. Туған жерді, қоршаған ортаны сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу.
{gallery}ages/meropriyatiya/2023/05/11-1/{/gallery}