Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы экология ағарту бөлімінің мамандары «Парктер шеруі- 2023» Халықаралық табиғат қорғау акция аясында, Рудный қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 19-шы жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен кездескен болатын.
5 сынып оқушылары: Алдияр Айгерім Берікқызы, Саттар Гүлдерай Талғатқызы, Темірбай Малика Олжасқызы, Иният Ұлдана Асембекқызы «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» тақырыбында өз шығармашылықтарынан «Табиғатым туған өлкем» туралы өлең жолдарын арнады.