«Парктер шеруі 2024» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының «Сырға толы Науырзым» келу орталығында «Көктем көркі қызғалдақ» тақырыбында Жамбыл жалпы білім беретін мектебі мен Докучаев жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушылары арасында командалық сайыс өткізді.
Әділ қазылар алқасының қортындысы нәтижесімен Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің командасы жеңіске жетті. Сайысқа қатысқан командалар Науырзым қорығының директорының мақтау қағазымен естелік сыйлықтар табысталды.
Мақсаты: Жастардың қоршаған ортаны қорғауға табиғатты қамқорлық жасауға қалыптастыру арқылы оларға тәрбие беру, туған жеріне деген құрметін арттыру, оларға әрбір өсімдіктің өз маңыздылығы бар екенін түсіндіріп, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.