Ағымдағы жылдың 16 мамыр күні «Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы» РММ аумағында жоспарға сай Өрт – тактикалық оқу – жаттығу жұмыстары өткізілді. Іс-шараға қорық қызметкерлері, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, өрт сөндіру бөлімі, Науырзым ауданы ауылшаруашылығы бөлімі мамандары, Науырзым Сервис қызметкерлері қатысты.
Оқу – жаттығудың негізгі мақсаты өрт қаупі кезеңінде орман-дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша бақылауды күшейту. Жергілікті атқарушы органдар қызметтерінің оларды аудан аумағында жоюға жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру. Іс – шараға 40 адам, 15 техника қатысты.Мұндай жаттығулар қажет болғанда адамдардың өрт болған жағдайда көмек көрсетуге дайындығын бағалау үшін өткізіледі.