Ең мықты марапат – ел тілегі.
Молдағұлов Хилимхан Айтқұлұлы 1960 жылы 5 желтоқсанда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Саға ауылында дүниеге келген.
1983 жылы Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылық институтын орман шаруашылығы инженері мамандығы бойынша тәмамдап, жас маман Науырзым мемлекеттік табиғи қорығында кіші ғылыми қызметкер міндетін 1986 жылға дейін атқарды. Осы еңбек жолында 1987-1997 аралығында жылма жыл лауазымы көтеріліп бас орманшы бөлім бастығы болды. Адал еңбектің еленбей қалмайтын кезі ғой, 2001 жылы Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы директоры болып тағайындалды. Қорығымызды Дүниежүзілік мұрағат ЮНЕСКО тізіміне енгізу жолында айшықты бейнесін қалыптастырған жандардың бірі. 2005 жылға дейін табиғат аясын қорғауда басшы қызметінде аянбай адал қызмет етті.
Қазіргі таңда Хилимхан АйтқұлұлыОрманшаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетініңҚостанай облыстық орманшаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшының орынбасары лауазымында.
Еліне, жеріне атқарған қызметтеріне лайықты жемісімен табиғатты қорғау жолындағы ерең еңбегі үшін құрметке ие болған тұлға. Атап айтсақ ҚР Президентінің жарлығымен «Қазақстан Республиксының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медаль. ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі орман шаруашлығы және жануарлар дүниесі комитеті «Қазақстан орманың қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» І дәреже төс белгі. «Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» І дәреже төс белгілерімен марапатталған.
Ел басы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай - бәріміз марапат алу үшін жұмыс істемейміз, тек өзіміздің күнделікті ісімізді атқарамыз. Адам сүйікті ісіне жан-тәнімен беріліп, оған өзінің барлық күш-жігерін жұмсаған кезде марапат пен сый-құрмет оны өзі іздеп табады. Сондықтан мемлекет атынан біз өз еңбегімен зор табысқа жеткен азаматтарға ерекше құрмет көрсетеміз.