Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Қоршаған ортаның тазалығы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің сақталуы, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз.
Құрметті экологтар, табиғат жанашырлары!
Сіздерді 5 маусым – Эколог күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және еліміздің табиғи байлығын келер ұрпаққа аман жеткізу жолындағы еңбектеріңіз зор құрметке лайық. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен табиғатқа деген жанашырлықтарыңыз қоршаған ортаны сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлкен үлес қосып келеді.
Табиғатымыз көркейіп, туған өлкеміздің флорасы мен фаунасы байи берсін! Сіздерге мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен толағай жетістіктер тілейміз.
Табиғатты қорғайық – болашақты сақтайық!
Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы 🌿🕊️