Жалпы мына видеода көріп тұрғаныңыздай бұландар туралы қысқаша тоқталғым келіп отыр. Бұл бейне жазбаны кеше мемлекеттік инспектор Д. Хамзин түсірген болатын шамамен 21:00 ге қарай Байтуманың бойында.
Байтума аудан орталығынан шамамен 30 км жерде орналасқан және де бұл өңірде бұланның жүруі екі талай. Біріншіден қорық аумағынан алыс жер, екіншіден жазық дала. Бұл жерде жолықса сібір елігін кездестіруге болады кыс мезгілінде, себебі жылқы жайылымынан кейін тебіндік шөп оңайға түседі оларға қалың қардан кейін. Менің ойымша бұл бұландар қоныс аударып жатқан, яғни Аманқарағайдағы тілсіз жаудан аман қалған бұландар. Шамамен жастары үш жылдық, 3 аталық 1 аналық бұлан. Аманқарағай орманшылығы біздің қорық аумағына Тірсекке жақын орналасқан. Бұл аумақтың ерекше қорғалатының жан-жануарлар да сезеді. Кезінде сүтқоректілер көлік дыбысын естісе болды шақырым жеткізбей қашатын. Қазір емін-еркін жайылып жүре береді. Науырзымның даласы пейілі кең, дархан дала екенін адам түгіл жануарлар да сезеді.
Экологиялық ағарту бөлімі:
Мұражай меңгерушісі
© Абай Дюсенбайұлы