Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы №10-Ө және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2025 жылғы 25 қаңтардағы №25 бірлескен бұйрығына сәйкес, Науырзым мемлекеттік табиғи қорығында мемлекеттік орман күзеті мен орман өрт сөндіру станциялары қызметкерлерінің басшы емес құрамына арналған оқу-жаттығу өткізілді. Оқу барысында келесі тақырыптар қамтылды:
– «Ормандарды өрттен қорғау саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер»;
– «Орман өрттері және олардың даму жағдайлары. Өртке қарсы профилактика»;
– «Орман өрттерін сөндіру техникасы»;
– «Орман өрттерін сөндіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы». Сонымен қатар, өрт қауіпті маусымға дайындық жұмыстары пысықталып, орман өрттерінің алдын алу, анықтау және сөндіру бойынша іс-қимыл алгоритмдері түсіндірілді. Диспетчерлер мен кезекшілердің әрекет ету тәртібі нақтыланды. Алдағы кезеңде профилактикалық жұмыстарды күшейту, жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру шараларын жүргізу жоспарлануда. Арнайы техникалардың дайындығы қамтамасыз етіліп, мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталған бірлескен жұмыстар жалғасатын болады.