27 қыркүйек - Бүкіләлемдік туризм күні қарсаңында, Науырзым қорығының Экология ағарту бөлімінің мамандары Науырзым ауданының Балалар шығармашылығы үйінің "Жас эколог", "Жас туристер станциясы" үйірмелерінің оқушыларын туған өлке табиғатына экскурсияға апарды.
Оқушылар туған жердің адам қолы тимеген жабайы, тұмса табиғатымен тілдесіп, Табиғат - ананың шексіз сұлулығына тағы бір мәрте көз жеткізді. Іс - шара барысында оқушыларға қорықтың табиғаты мен тарихы жайлы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі жайлы қызықты ақпараттар айтылды.