Переключение языков

Қоңыр күздің келуі аңшылар қауымы үшін ерекше уақыт. Саятшылық құрып, құс атып, аң аулау олар үшін нағыз мереке.

Облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының үстіміздегі жылғы 12 тамыздағы бұйрықтарына сәйкес алдағы аң аулау маусымының мерзімі бекітілді. Атап айтатын болсақ 2019 жылдың 7 қыркүйектен 2020 жылдың 15 ақпанына дейін жүргізіледі.
Заңсыз аңшылық ең көп таралған экологиялық қылмыстардың бірі болып табылады. Қазір күзгі аңшылық маусымының қызып тұрған шағы. Бұл күндері аңшыларға қаз, үйрек, қарақұр, шіл секілді жабайы құстарға тұзақ құрып, атып алуға рұқсат берілген. Алайда саятшылық құратындардың барлығы бірдей қарапайым заңды ережелерге мойынсұна бермейді. Салдарынан сирек кездесетін қанаттылар қатары кему үстінде.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар заңына сәйкес Науырзым мемлекеттік табиғи қорығында мекендейтін жан-жануарларды бақылау, қадағалау браконерлікке қарсы күрес жүргізу мақсатында қорғау бөлімінің инспекторлардан құралған патрулдық екі жедел тобы құрылды. Шара барасында аңшыларға түсіндіру жұмыстарын
жүргізеді. Одан басқада әр бір мемлекеттік инспектор өз аумағында үнемі шолғындау жұмысын жүргізеді.
382-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу
      1. Қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ, жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және (немесе) аң аулау қағидаларын бұзу – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол бұзушылық - жануарларды аулау құралдары, көлiк құралдары және көрсетілген бұзушылықты жасау құралы болған өзге де заттар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не аң аулау құқығынан екi жылға дейiнгi мерзiмге айыруға әкеп соғады. 3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекет – әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не аң аулау құқығынан екi жылға дейiнгi мерзiмге айыруға әкеп соғады.
«Науырзм мемлекеттік табиғи қорығы»РММ

1009 002

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru