«Мөлдір бұлақ» және «Парктер шеруі» экологиялық акциялары аясында Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті студенттерімен бірлесіп бұлақ маңында сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Игі шара барысында табиғи аумақ қоқыстардан тазартылып, бұлақ көзінің айналасы ретке келтірілді. Табиғатты қорғауға бағытталған бұл бастама жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттыруға ықпал етті.