8-29 қазан аралығында жас тарихшылардың "Менің шағын Отаным" атты Республикалық байқауы өтті.
"Менің шағын Отанымның болашағы" номинациясына Қостанай қаласындағы 3 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Нұрланқызы Ирада, Гирш Ксения Викторовнаның жетекшілік етуімен қатысты. 8 қазанда өткізілген қалалық кезең бойынша 1 орынға ие болды. 16 қазанда конкурстың облыстық кезеңінде Ирада 1 орынды иеленді. Байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Өскемен қаласында өткізілген қорытынды, Республикалық турға, құрамында Нұрланқызы Ирада қатысқан Қостанай облысының командасы барып, жүлделі 3 орынға ие болды.
Байқау Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған интернат базасында өтті. Екінші шығармашылық кезең бойынша, Науырзым қорығының флорасы мен фаунасы инсталляциясын қорғаудан тұрды. Вобролдың инсталляциясы біздің облыстың табиғи мұражайының жануарлар мен өсімдіктер әлемінің ең жарқын өкілдерін жарықтандырумен, QR-кодпен, музыкамен-құстардың үндерімен жабдықталды.
Қостанай қаласындағы 3 мектеп-гимназиясының ұжымы Науырзым қорығы директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары-Қүмісбеков Еламан Хазиханұлына шығармашылық жұмысты қорғауды дайындауға көмек қолын созып, қолдау білдіргені үшін алғыс білдіреді. Біз өз тарапымыздан Нұрланқызы Ираданы шын жүректен жетістіктерімен құттықтаймыз! Жер жәннаты Науырзым қорығындай табиғат байлығымызды жастар арасында насихаттап, танытуға қосып жатқан жемісті еңбектеріне тек ғана сәттіліктер тілейміз.