Науырзым ауданының 60 жылдық мерейтойы мен Қарттар күніне орай, Науырзым қорығының дамуына зор үлес қосқан ардагерлерімізге төсбелгі табыстау рәсімі өткізілді.
Бұл – тек құрмет белгісі ғана емес, жылдар бойы табиғатты қорғау ісіне адал қызмет еткен жандардың еңбегіне деген шынайы алғыс. Ардагерлеріміздің өмірлік тәжірибесі мен қажырлы еңбегі бүгінгі ұрпаққа үлгі, ал олардың жүріп өткен жолы – өшпес өнеге.
Барша зейнеткерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын тілейміз! Сіздердің еңбектеріңіз ешқашан ескерусіз қалмайды.