Кездесу барысында мектеп оқушыларына Науырзым қорығы туралы кең көлемде ақпарат беріліп, оның табиғи ерекшеліктері, биоалуантүрлілігі және қорғау бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды.
Сонымен қатар оқушыларға құстарға арналған ұя жәшіктерін (құстар үйшігін) дұрыс жасау жолдары түсіндіріліп, олардың өлшемдері, қауіпсіз ілу тәсілдері және құстар үшін маңызы туралы практикалық кеңестер берілді.
Мұндай танымдық кездесулер жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға зор ықпал етеді.