Акция барысында өткен жылы отырғызылған екпе көшеттер мектеп ауласындағы ашық топыраққа көшіріліп, қайта отырғызылды.
Іс-шара тек көгалдандыру жұмыстарымен шектелмей, табиғатқа деген жанашырлықты арттыру мақсатында құстарға арналған ұялар ілу жұмыстары да ұйымдастырылды.
Аталған шара өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беріп, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталды.