Қазақстанның орман және далалы аймақтарында өрт қаупі бар маусым әр жылдың сәуір айында басталып, қарашаға дейін созылады. Осыған байланысты Қазақстан республикасы Экология және табиғи ресурстар Министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитеті жыл сайын еліміздің орман және далалы аймақтарында өрт қауіпі бар маусымға дайындық бойынша 2026 жылдың 21 ақпандағы №27-03/15НҚ бұйрығы шыққан болатын. Осыған байланысты қорық аумағында өрт қауіпі бар маусымы басталғанға дейін Науырызым қорығының қызметкерлері үгіт-түсіндіру іс-шараларын жүргізеді: ауылдық округтерде, шаруа қожалықтарында ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша дәрістер мен әңгімелер өткізеді.
Бүгінгі таңда қорық аумағында 2026 жылға арналған орманды және дала өрттерін сөндіруге күштер мен құралдарды тарту бойынша іс-қимыл жоспарлары әзірленіп Науырзым және Әулиекөл аудардарының қорық аумағына шекаралас жатқан ауыл шаруашылық құрылымдарымен жер пайдаланушылармен келісім шарттар жасалып нұсқамалар мен басқа да үгіт-түсіндіру материалдары таратылады.
Науырызым мемелекеттік табиғи қорығының техникалық базасы жыл сайын жаңа өрт сөндіру техникаларымен толығуда. Осы орайда, қорықтың техникалық базасында 19 дана әр түрлі модификациядағы тракторлер, 10 дана өрт сөндіру машиналары, 8 дана шағын орман сөндіру машиналары және де тағы да басқа өрт сөндіру құрылғылар өрт қаупі бар маусымына жөнделіп пысықталуда.
Тағы да бір айта кететін жайт, Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу және орманды қалдықтармен бітеу «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 367 және 372-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.
Байланыс телефонымыз:8-71454-21-7-01