Переключение языков

 

2026 жылы Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы аумағында жоспарға сәйкес өрт-тактикалық командалық штабтық оқу-жаттығу жұмыстары ұйымдастырылып өткізілді.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – өрт қаупі кезеңінде орман және дала өрттерінің алдын алу, оларды жедел жою бойынша өзара іс-қимылды пысықтау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен арнайы қызметтердің жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру болды.

Ауқымды іс-шараға барлығы 91 адам мен 34 техника жұмылдырылды. Атап айтқанда, жаттығуға Науырзым қорығының қызметкерлері, аудан және ауыл әкімдіктері, Науырзым аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, өрт сөндіру бөлімі, аудандық полиция бөлімі және аудандық аурухана мамандары қатысты.

Оқу-жаттығу барысында өртті дер кезінде анықтау, хабарлау, күш пен техниканы үйлестіру, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өртті жою бойынша практикалық іс-қимылдар пысықталды. Қатысушылар өз міндеттерін жоғары деңгейде орындап, төтенше жағдай кезіндегі бірлескен әрекеттің маңыздылығын көрсетті.

Мұндай оқу-жаттығулар табиғи өрттердің алдын алуға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуге дайындықты арттыру мақсатында тұрақты түрде өткізіліп келеді.

🌿 Табиғатты тілсіз жаудан қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз!

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru