Ағымдағы жылдың 19-23 маусым күндері Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті және БҰҰДБ ұйымдастыруымен ЕҚТА-тың баспасөзге жауапты мамандарына арналған семинар-тренинг өтті.
Семинар мақсаты қазіргі заман талабына сай әлеуметтік желілерді дұрыс әрі пайдалы жағынан қолдануға үйрету. Әлеуметтік желілерді қолдана отырып өз жұмыстарымызды көрсете білу. Осы семинар-тренингке еліміздің барлық қорықтар, саябақтар және резерватарынан 40-қа жуық маман өз біліктілігін арттырды.
Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы атынан А.Д. Молдахметов қатысты.