Қорық аумағының табиғи жүйесін өрттен сақтау, келушілердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғат аясындағы жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері келушілер арасында үздіксіз түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қорық аумағында демалушыларға:
✅ жеке бас қауіпсіздігі
✅ өрт қауіпсіздігі қағидалары
✅ санитарлық талаптарды сақтау жөнінде ақпарат берілді.
Сонымен қатар, келушілерге:
🔥 тамақты тек арнайы от жағатын орындарда әзірлеу;
🗑️ демалыстан кейін қоқысты арнайы орындарға жинау қажеттігі түсіндірілді.
Табиғатты аялау – әр адамның ортақ міндеті! 🌱
Таза табиғат — келер ұрпаққа аманат.
#НаурызымҚорығы #ТабиғаттыҚорғайық #ӨртҚауіпсіздігі #ТазаҚазақстан #Экология