Переключение языков

«Таза Қазақстан», «Парктер шеруі 2026» табиғатты қорғау акциялары аясында Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының Экология ағарту бөлімінің мамандары Қостанай қаласындағы №24 бастауыш мектеп-гимназиясының оқушыларына «Экологиялық мәдениет және жас ұрпақ» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты – оқушыларға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Кездесу барысында мамандар табиғатты аялау, қорықтардың рөлі және жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы кеңінен мәлімет берді. Оқушылар қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.
Іс-шара соңында оқушылар табиғатты қорғау – әрбір азаматтың міндеті екенін түсініп, жақсы әсер алды. Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru