Переключение языков

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлерінің бастамасымен Науырзым аудандық Жастар ресурстық орталығы, «Жасыл ел» еңбек жасағы жастарының қатысуымен «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өткізілді.

Акция барысында бұлақ маңы тазартылып, сенбілік жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар табиғи су көзінің айналасын қоқыстан тазартып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.

Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осындай игі бастамалар туған жердің көркеюіне және экологиялық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді.

#ТазаҚазақстан #МөлдірБұлақ #ЖасылЕл #НауырзымЖастары #НауырзымҚорығы #Экология #Сенбілік

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru