Переключение языков

«Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі – 2026» экологиялық акциялары аясында Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлері Қостанай облысы, Арқалық қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің ұстаздары және студенттерімен бірлесіп қарағай және перемидальды терек көшеттерін отырғызу жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көгалдандыру, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру және жастардың экологиялық сана-сезімін арттыру. Акция барысында қорық мамандары ағаш көшеттерін дұрыс отырғызу тәсілдерін көрсетіп, оларды күтіп-баптау жолдары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті. Осындай экологиялық шаралар жас ұрпақтың туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.

#ТазаҚазақстан #ПарктерШеруі2026 #НауырзымҚорығы #Арқалық #Экология Көгалдандыру ТабиғаттыАялау

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru