Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көгалдандыру, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру және жастардың экологиялық сана-сезімін арттыру. Акция барысында қорық мамандары ағаш көшеттерін дұрыс отырғызу тәсілдерін көрсетіп, оларды күтіп-баптау жолдары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті. Осындай экологиялық шаралар жас ұрпақтың туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.
#ТазаҚазақстан #ПарктерШеруі2026 #НауырзымҚорығы #Арқалық #Экология #Көгалдандыру #ТабиғаттыАялау