Переключение языков

 

🌷 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкері Зейнелова Мария Александровна Елордада өткен салтанатты шарада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан «Құрмет» орденімен марапатталды.

Мария Александровнаның қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық ағарту жұмыстарын дамытудағы қолтаңбасы ерекше. Көпжылдық зерттеу жұмыстары мен қорықтың халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға қосқан үлесі бүгін мемлекеттік деңгейде жоғары бағаланды.

Науырзым қорығының ұжымы саналы ғұмырын қоршаған ортаны қорғау ісіне арнап, осы салада өзіндік қолтаңбасын қалдырып жүрген әріптесіміз Мария Александровнаны шын жүректен құттықтайды!

Еңбегіңіз еленіп, жемісін көре беріңіз! Сізге зор денсаулық, толағай табыс тілейміз! 🌿

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru