Қыс мезгілі құстар өміріндегі ең қиын уақыт болып саналады.Сондықтан қолайсыз жыл мезгілінен өту үшін құстардың басым бөлігі жылы жаққа ұшып кетеді де,қалған бөлігі қыстың қаһарына қарамастан қыстап шығады.Қыстап қалатын құстар денесіндегі белгілі бір температураны сақтап үшін көп мөлшерде қорек көзін табу керек.
Биыл қыс суық және қар аз болғандықтан қыста мекен ететін қанатты құстардың жағдайы өте қиын десекте болады. Міне осындай табиғатты аялауда және қыста мекен ететін қанатты достарымызды қыстың суық зардабынан сақтап қалу мақсатында жемсауыт акциясы өткізілді. Бұл акцияны өткізуге Жамбыл орта мектебінің 7 сынып оқушылары мен оқытушылары өз үлестерін қосты. Атап айтсақ Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының экологиялық бөлімінің мамандарының жетекшілігімен 8сынып оқушыларына «Қыста құстарды қоректендіру қажет» тақырыбында жемсауыт жасап мектеп алдындағы саябаққа және демалыс “Саябағындағы” ағаштарға апарып орнатты. Әр оқушы өзі жасаған жемсауытқа қандай құс келіп тамақ ішіп, не істегенін бақылап отыруға келісті.Бұл акцияны өткізу барысында біздің негізгі мақсатымыз тек қана құстарды қорғау ғана емес,сондай-ақ,жалпы табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, жан – жануарларға деген қамқорлығын ояту болды. Табиғат сұлулығын сақтай білу, одан ләззат ала білу әр адамзаттың экологиялық мәдениеттілігінің басты көрсеткіші болуға тиіс.
Р.Тәжібаев Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы Келу орталығының меңгерушісі