Переключение языков

 

Мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған танымдық-шығармашылық сайыс жоғары деңгейде өтті. Байқау барысында қатысушылар қазақ даласының көркіне айналған қызғалдақ гүлінің тарихы, табиғаттағы маңызы мен Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы аумағында кездесетін қызғалдақ түрлері туралы өз білімдерін көрсетті.

Сайыс 5 кезең бойынша өтіп, оқушылар таныстыру, интеллектуалдық сұрақтар, шығармашылық жұмыстар, көрініс және сән үлгісі арқылы өз өнерлері мен шеберліктерін паш етті.
Әділқазылар алқасының шешімімен:
І орын – Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 7 «Б» сыныбы
ІІ орын – Докучаев жалпы білім беретін мектебі алды

Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа табиғатты аялау, туған жердің флорасын құрметтеу және ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!
Табиғаттың сұлулығын бірге қорғайық!

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru