2024 жылғы 10 шілде күні қорық қызметкерлері «Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ өкілдерімен бірлесіп «Орман» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде қорықтың туристік бағыттары бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізді, оның мақсаты ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуының алдын алу болып табылады.
Іс-шара барысында туристер тобымен қорық аумағындағы ережелері, ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелері туралы әңгімелер өткізілді, өртке қарсы тақырыптағы үнпарақтар таратылды.
Рейдтік іс-шаралар барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.