Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазақстанда 2010 жылдан бастап Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі.
Осыған орай «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» мерекесі қарсаңында Науырзым қорығының әкімшілігінің ұйымдастыруымен, қорық кеңсесінің аумағында орналасқан шағын спорт залында дойба мен үстел теннисінен, қорық қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлар арасында жарыстар өткізілді. Жеңімпаздар мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ауданының орталығы Қараменді селосында да Наурыз мерекесі жоғары деңгейде аталып өтілді. Бұл меркелік іс-шараға Науырзым қорығы да өз үлесін қосты. Орталық алаңға алтыбақан, киіз үй тігіп, жиналған халыққа шашу шашып, наурыз көжеден дәм таттырды. Қорықта қызмет еткен ардагерлерімізге мереке аясында ақ дастархан жайылып, құрмет көрсетілді. «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер» дегендей, ақсақалдарымыз осындай мерекелік көніл күй сыйлаған жас болсада басшы болған ұлдары Дулат Ғауезханұлына ақ баталарын беріп жатты. Ұлттық мереке ән-шашумен басталып ұлттық ойындармен жалғасын тапты. Ат бәйгесі де жиналған қауымның бір делебесін қоздырып, көңілдерін көтеріп тастады. Нәтижесінде аудан бойынша Науырзым қорығы I-ші орынға ие болды.
Ұлыстың ұлы күні Әз Наурыз мерекеміз құтты болсын. Отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз.

Қазымжан Жасұлан
Науырзым қорығы
экоағарту бөлімі

Республиканское государственное учреждение
"Наурзумский государственный природный заповедник"
Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан