Переключение языков

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай “Өзіңнен баста” атты сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының мемлекеттік инспекторлары Науырзым ауданының жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, Қайыңды мекенінде сенбілік ұйымдастырды.

Іс-шара барысында жастар мен еріктілер демалыс аумағын қоқыстан тазартып, табиғатты қорғауға бағытталған жұмыстар жүргізді. Сенбіліктің басты мақсаты – қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру, экологиялық сананы арттыру және табиғатты аялауға шақыру.

Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі!

🍃♻️@qumaraqsaqalov @abba009 @qdb_qst @aliya_bekmagambetova_official @bakytzhan_narymbetov @kai_kst @madi_ihtilyapov @madiihtilyapov @amangeldi110585
@khaudan @neco_kst

#ТазаҚазақстан #ЭкологКүні #НауырзымАуданы #ЖастарРесурстықОрталығы #НаурзумҚорығы Сенбілік ТазаТабиғат Еріктілер ҚайыңдыМекені BirgeTazaQazaqstan


Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көгалдандыру, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру және жастардың экологиялық сана-сезімін арттыру. Акция барысында қорық мамандары ағаш көшеттерін дұрыс отырғызу тәсілдерін көрсетіп, оларды күтіп-баптау жолдары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті. Осындай экологиялық шаралар жас ұрпақтың туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.

#ТазаҚазақстан #ПарктерШеруі2026 #НауырзымҚорығы #Арқалық #Экология #Көгалдандыру #ТабиғаттыАялау

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлерінің бастамасымен Науырзым аудандық Жастар ресурстық орталығы, «Жасыл ел» еңбек жасағы жастарының қатысуымен «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өткізілді.

Акция барысында бұлақ маңы тазартылып, сенбілік жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар табиғи су көзінің айналасын қоқыстан тазартып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.

Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осындай игі бастамалар туған жердің көркеюіне және экологиялық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді.

#ТазаҚазақстан #МөлдірБұлақ #ЖасылЕл #НауырзымЖастары #НауырзымҚорығы #Экология #Сенбілік

«Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі – 2026» экологиялық акциялары аясында Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлері Қостанай облысы, Арқалық қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің ұстаздары және студенттерімен бірлесіп қарағай және перемидальды терек көшеттерін отырғызу жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көгалдандыру, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру және жастардың экологиялық сана-сезімін арттыру. Акция барысында қорық мамандары ағаш көшеттерін дұрыс отырғызу тәсілдерін көрсетіп, оларды күтіп-баптау жолдары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті. Осындай экологиялық шаралар жас ұрпақтың туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.

#ТазаҚазақстан #ПарктерШеруі2026 #НауырзымҚорығы #Арқалық #Экология Көгалдандыру ТабиғаттыАялау


Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Қоршаған ортаның тазалығы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің сақталуы, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз.

Құрметті экологтар, табиғат жанашырлары!
Сіздерді 5 маусым – Эколог күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және еліміздің табиғи байлығын келер ұрпаққа аман жеткізу жолындағы еңбектеріңіз зор құрметке лайық. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен табиғатқа деген жанашырлықтарыңыз қоршаған ортаны сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлкен үлес қосып келеді.
Табиғатымыз көркейіп, туған өлкеміздің флорасы мен фаунасы байи берсін! Сіздерге мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен толағай жетістіктер тілейміз.
Табиғатты қорғайық – болашақты сақтайық!
Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы 🌿🕊️

 

🧹 Іс-шара барысында мекеме ғимаратының ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, аумақ тазартылып, гүл көшеттері егілді.

🌸 Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстау – баршамызға ортақ міндет. Осындай игі шаралар табиғатқа деген жанашырлық пен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

🌱 Таза орта – жарқын болашақ кепілі!

#ТазаҚазақстан
#ПарктерШеруі
#НауырзымҚорығы
#Бейсенбілік
#Абаттандыру
#Тазалық
#Экология


Табиғат – адамзаттың ортақ байлығы. Оны қорғау – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Таза ауа, мөлдір су, жасыл орман мен бай биоалуантүрлілікті сақтау арқылы біз келер ұрпаққа жарқын болашақ сыйлаймыз.
Табиғатты аялайық – болашақты сақтайық!

 

Қорық аумағының табиғи жүйесін өрттен сақтау, келушілердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғат аясындағы жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері келушілер арасында үздіксіз түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қорық аумағында демалушыларға:
✅ жеке бас қауіпсіздігі
✅ өрт қауіпсіздігі қағидалары
✅ санитарлық талаптарды сақтау жөнінде ақпарат берілді.

Сонымен қатар, келушілерге:
🔥 тамақты тек арнайы от жағатын орындарда әзірлеу;
🗑️ демалыстан кейін қоқысты арнайы орындарға жинау қажеттігі түсіндірілді.

Табиғатты аялау – әр адамның ортақ міндеті! 🌱
Таза табиғат — келер ұрпаққа аманат.

#НаурызымҚорығы #ТабиғаттыҚорғайық #ӨртҚауіпсіздігі #ТазаҚазақстан #Экология

«Мөлдір бұлақ» және «Парктер шеруі» экологиялық акциялары аясында Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті студенттерімен бірлесіп бұлақ маңында сенбілік жұмыстарын жүргізді.

Игі шара барысында табиғи аумақ қоқыстардан тазартылып, бұлақ көзінің айналасы ретке келтірілді. Табиғатты қорғауға бағытталған бұл бастама жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттыруға ықпал етті.

 

Мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған танымдық-шығармашылық сайыс жоғары деңгейде өтті. Байқау барысында қатысушылар қазақ даласының көркіне айналған қызғалдақ гүлінің тарихы, табиғаттағы маңызы мен Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы аумағында кездесетін қызғалдақ түрлері туралы өз білімдерін көрсетті.

Сайыс 5 кезең бойынша өтіп, оқушылар таныстыру, интеллектуалдық сұрақтар, шығармашылық жұмыстар, көрініс және сән үлгісі арқылы өз өнерлері мен шеберліктерін паш етті.
Әділқазылар алқасының шешімімен:
І орын – Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 7 «Б» сыныбы
ІІ орын – Докучаев жалпы білім беретін мектебі алды

Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа табиғатты аялау, туған жердің флорасын құрметтеу және ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!
Табиғаттың сұлулығын бірге қорғайық!

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru