Переключение языков

Өрт қаупі маусымның басталуына байланысты қорықта өрттің алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар жүргізілуде. Қорықпен шекаралас жер учаскелерінің иелеріне өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау қажеттігі туралы нұсқамалар берілді.

 

🌷 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкері Зейнелова Мария Александровна Елордада өткен салтанатты шарада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан «Құрмет» орденімен марапатталды.

Мария Александровнаның қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық ағарту жұмыстарын дамытудағы қолтаңбасы ерекше. Көпжылдық зерттеу жұмыстары мен қорықтың халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға қосқан үлесі бүгін мемлекеттік деңгейде жоғары бағаланды.

Науырзым қорығының ұжымы саналы ғұмырын қоршаған ортаны қорғау ісіне арнап, осы салада өзіндік қолтаңбасын қалдырып жүрген әріптесіміз Мария Александровнаны шын жүректен құттықтайды!

Еңбегіңіз еленіп, жемісін көре беріңіз! Сізге зор денсаулық, толағай табыс тілейміз! 🌿

🐦

“Үйшік” акциясы аясында, Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлері экологиялық ағарту жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.

Аталған шара барысында қорықтың Ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Күмісбеков Е.Х мемлекеттік инспекторлармен Жамбыл жалпы білім беретін мектебі оқушыларына, Ұя жәшіктерін жасау бойынша арнайы шеберлік сағатын өткізді.

🔨 Шеберлік сағатының мақсаты:
Оқушыларға құстарға арналған ұя – үйшік жасаудың маңызын түсіндіру, табиғатқа деген жанашырлықты арттыру және еңбекке баулу.

📌 Іс-шара барысында:
* Үйшік жасаудың кезеңдері көрсетілді
* Қауіпсіздік техникасы толық түсіндірілді
* Қажетті құралдармен дұрыс жұмыс жасау жолдары үйретілді
* Құстарға қамқорлық жасаудың маңызы айтылды

🌿 Оқушылар өз қолдарымен үйшік жасап, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуға мүмкіндік алды.

💚 Табиғатты аялау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз!
Құстарға қамқор болайық, бірге табиғатты қорғайық!

 

Іс-шара барысында оқушыларға:
– Ұя жәшігінің дұрыс жасалу талаптары;
– Қауіпсіз материалдарды пайдалану жолдары;
– Құстар үшін қолайлы орынға орнату ережелері;
– Құстардың табиғаттағы рөлі мен пайдасы туралы ақпарат берілді.
Тәрбие сағатының мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу және экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың борышымыз!
Бір ұя – бір өмірге қамқорлық 🐦💚

#ҰяЖәшіктері #ҚұстарғаҚамқорлық #ЭкоТәрбие #ТабиғаттыҚорғайық

 

Осы жарқын мереке халқымыздың бай мұрасы мен ұлттық болмысын айшықтайтын ерекше күн. Ұлттық киім ата-бабамыздың тарихы мен дәстүрінің көрінісі, рухани құндылығымыздың ажырамас бөлігі.

Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы ұжымы баршаңызды Ұлттық киім күнімен шын жүректен құттықтайды!

 

Іс-шара барысында оқушыларға:
– Ұя жәшігінің дұрыс жасалу талаптары;
– Қауіпсіз материалдарды пайдалану жолдары;
– Құстар үшін қолайлы орынға орнату ережелері;
– Құстардың табиғаттағы рөлі мен пайдасы туралы ақпарат берілді.
Тәрбие сағатының мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу және экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың борышымыз!
Бір ұя – бір өмірге қамқорлық 🐦💚

#ҰяЖәшіктері #ҚұстарғаҚамқорлық #ЭкоТәрбие #ТабиғаттыҚорғайық

 

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2026 жылғы 17 қаңтардағы №10-П бұйрығы және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орман күзеті, орман өрт сөндіру станциялары және авиациялық-өрт қызметі қызметкерлерін орман өртін сөндіруге оқыту қағидаларына» сәйкес, 5 наурыз күні Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы орман өрттерін сөндіру бойынша оқу бағдарламасының теориялық дайындық деңгейін тексеру мақсатында тестілеу өткізілді.

Тестілеуге Қостанай облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциядан Есебаев Арман,
Байкасов Жасулан қатысып, қорық аумағындағы орман өрт сөндіру станциялары қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлардың теориялық дайындық деңгейін бағалады.

 

Іс-шара барысында оқушыларға:
– Ұя жәшігінің дұрыс жасалу талаптары;
– Қауіпсіз материалдарды пайдалану жолдары;
– Құстар үшін қолайлы орынға орнату ережелері;
– Құстардың табиғаттағы рөлі мен пайдасы туралы ақпарат берілді.
Тәрбие сағатының мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу және экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың борышымыз!
Бір ұя – бір өмірге қамқорлық 🐦💚

#ҰяЖәшіктері #ҚұстарғаҚамқорлық #ЭкоТәрбие #ТабиғаттыҚорғайық

 

Қазақстанның орман және далалы аймақтарында өрт қаупі бар маусым әр жылдың сәуір айында басталып, қарашаға дейін созылады. Осыған байланысты Қазақстан республикасы Экология және табиғи ресурстар Министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитеті жыл сайын еліміздің орман және далалы аймақтарында өрт қауіпі бар маусымға дайындық бойынша 2026 жылдың 21 ақпандағы №27-03/15НҚ бұйрығы шыққан болатын. Осыған байланысты қорық аумағында өрт қауіпі бар маусымы басталғанға дейін Науырызым қорығының қызметкерлері үгіт-түсіндіру іс-шараларын жүргізеді: ауылдық округтерде, шаруа қожалықтарында ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша дәрістер мен әңгімелер өткізеді.
Бүгінгі таңда қорық аумағында 2026 жылға арналған орманды және дала өрттерін сөндіруге күштер мен құралдарды тарту бойынша іс-қимыл жоспарлары әзірленіп Науырзым және Әулиекөл аудардарының қорық аумағына шекаралас жатқан ауыл шаруашылық құрылымдарымен жер пайдаланушылармен келісім шарттар жасалып нұсқамалар мен басқа да үгіт-түсіндіру материалдары таратылады.
Науырызым мемелекеттік табиғи қорығының техникалық базасы жыл сайын жаңа өрт сөндіру техникаларымен толығуда. Осы орайда, қорықтың техникалық базасында 19 дана әр түрлі модификациядағы тракторлер, 10 дана өрт сөндіру машиналары, 8 дана шағын орман сөндіру машиналары және де тағы да басқа өрт сөндіру құрылғылар өрт қаупі бар маусымына жөнделіп пысықталуда.
Тағы да бір айта кететін жайт, Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу және орманды қалдықтармен бітеу «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 367 және 372-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.
Байланыс телефонымыз:8-71454-21-7-01


Кездесу барысында оқушылар Биоалуантүрлілік ұғымымен танысып, оның табиғат пен адам өміріндегі маңызы туралы білді. Сонымен қатар өсімдіктер мен жануарлар санының азаю себептері талқыланып, табиғатты қорғау және оған ұқыпты қараудың маңыздылығы айтылды.
Дәріс барысында оқушыларға Науырзым қорығы туралы да мәлімет берілді. Оқушылар қорықтың бірегей табиғаты, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі, сирек кездесетін құстар мен жануарлар түрлері және табиғи мұраны сақтаудың маңызы туралы білді.
Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, туған өлкенің табиғаты туралы өз ойларымен бөлісті. Іс-шара танымды әрі қызықты өтіп, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru