27 сәуір Қарамеңді ауданының орталық алаңында Науырзым қорығының ұйымдастыруымен "Парктер шеруі-2024" акциясының ашылу салтанаты болды.
Аталмыш акцияға Барлық мемлекеттік мекемелер, жалпы білім беретін мектептерден 500 - дей адам қатысты. Табиғатты қорғау іс-шарасында аудан әкімі М.Ихтиляпов құттықтау сөз сөйледі. Науырзым қорығының директоры Д. Қойлыбаев, осы Парктер шеруі акциясының мақсаты мен маңызына тоқталып өтті. Соңынан, ауыл әкімі Н.Жапбасбаев жиналған көпшілікті белгіленген участкелеріне бағыттады.
Ауылымыздағы ағаш сирек өскен, адамдар жиі жүретін саябақтарға, жазық алаңқайларға 750 түп кәдімгі қарағай, 110түп қайың, перемидальды теректің 60 түбі, 250 барбарис, 650 шетен ағаштарының жас көшеттері отырғызылды.
Халқымыз "Бір тал кессең, он тал ек!" демекші, қоршаған ортамызға немқұрайлы қарамай, осынау экологиялық акцияға бір адамдай атсалысып, туған жеріміздің жасыл желекке айналуына үлесін қосып жатқан ауыл тұрғындарына мың да бір алғысымызды білдіреміз!