"Құстарға қамқор болайық!" аудандық байқауы жүлделі орын иегерлерінің 1. "Қыстап қалатын құстарға қамқор болайық!" номинациясы бойынша жүргізген жұмыстары.
2023 жылдың 28 желтоқсанында, қорығымыздың Келу орталығының акт залында Науырзым қорығының директоры Қойлибаев Дулат Ғауезханұлы қорық қызметкерлерін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, 2023 жылға шолу жасады. Дулат Ғауезханұлы, 2023 жылдағы атқарылған игі істер мен алда жүзеге асырылар жоспарларымен бөлісе келе, салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.
"Құстарға қамқор болайық!" аудандық байқауының 2."Менің туған өлкемнің қыстап қалатын құстары!" сурет номинациясы бойынша, Кіші жас санатынан жүлделі орын иегерлері:
🌲Қылқан жапырақты желектерімізді сақтайық!🌲
📢Қылқан жапырақты ағаш түрлері айналаға көрік беріп, қоршаған ортаның табиғи сапасын арттырады. Атмосфераның өкпесі саналатын жасыл желектерімізді сақтау біздің міндетіміз, себебі қылқан жапырақты ағаш тұқымдары адам денсаулығы үшін де үлкен рөл атқарады.
📢Құрметті жерлестер сіздерді жаңа жыл қарсанында қылқан жапырақты желектерді кеспеуге шақырымыз. Егер, Сіздер ағаштардың заңсыз кесілуіне куә болсаңыздар Науырзым қорығының 87145421701 немесе 102 нөмірлеріне телефон шалуыңызды сұраймыз.📞
"Құстарға қамқор болайық!" аудандық байқауының 1."Қыстап қалатын құстарға қамқор болайық!" номинациясы бойынша орташа жас санаты бойынша жүлделі орын иегерлері:
"Құстарға қамқор болайық!" аудандық байқауының 2."Менің туған өлкемнің қыстап қалатын құстары!" сурет номинациясы бойынша, Жоғары жас санатынан жүлделі орын иегерлері:
27-қыркүйек Бүкіләлемдік туризм күніне орай, ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының Экология ағарту бөлімінің мамандарымен "Науырзым қорығы - қазынам менің, байлығым!" тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай, Докучаев мектебінде өткізілген салтанатты марапаттау рәсімінде Шакибаева Бақыт Ахметовна аудан әкімінің қолынан, Науырзым мемлекеттік табиғи қорығында жасаған адал еңбегі үшін мақтау грамотасымен марапатталды.
2023 жылдың 02 тамызында Сосновский орманшылығының Сыпсың участкесінде және Науырзым қорығының Тірсек участкесінің іргелес аумағында орманды қорғау және күзету жөніндегі инженер, мемлекеттік инспекторлармен "Охотзоопром"ӨБ" РМҚК инспекторларының бірлесуімен табиғат қорғау заң бұзушылықтарының алдын алу бойынша, дәлірек айтсақ, жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және киіктер бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Өткізілген іс-шаралар барысында, табиғат қорғау заңдарын бұзу фактілері анықталған жоқ.