Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының Науырзым орманшылығының, Қатантал манында орнатылған фототұзаққа бұланның бейнесі тіркелген. Видеода бейнеленген жануар — аталық бұлан (еркек), оны ірі әрі тармақталған мүйіздері арқылы оңай ажыратуға болады. Бұлан Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілмеген, алайда ол мемлекеттік қорғауда. Қорық аумағында бұл жануарды аулауға, мазалауға немесе табиғи мекендеу ортасына зиян келтіруге қатаң тыйым салынады. Бұлан — жалғыз жүретін, сабырлы әрі сақ аң. Жаз мезгілінде шөптесін өсімдіктермен, бұталар мен ағаштардың жапырақтарымен қоректенеді, ал қыста тал, қайың және көктерек сияқты ағаштардың бұтақтары мен қабығын жейді. Қыс кезінде қар қалың түскенде орманды және өзен аңғарларын паналайды, ал көктем мен жазда борлы және шалғынды аймақтарға оралады. Адамдардан әдетте алыс жүреді, бірақ қатты боран немесе аяз кезінде кейде елді мекендердің шетіне жақындай алады. Фототұзақтарға алғашында сақтық танытқанымен, уақыт өте фототұзақ камераларына үйреніп, кейде объектив алдында еркін қозғалып жүреді