Переключение языков

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Мемлекеттік орман қоры аумағында 2025 жылдың өрт қауіпі бар маусымының аяқталуы туралы» 2025 жылғы 05 қарашадағы №27-03/291-НҚ бұйрығын негізінде, 2025 жылғы 07 қаршадан бастап «Науырзым» мемлекеттік табиғи қорығы республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағында өрт қауіпі бар маусымы ресми түрде аяқталды.

Осыған орай, 2025 жылдың 21 қарашасында 2025 жылға өрт қауіпті кезеңнің қорытындысы бойынша кеңес отырысы өткізілді. Отырыста Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Берманов Т. Е, Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Есебаев А. Б, “Алтын дала МТР” РММ-нің бөлім басшысы Базарбаев С. Б, Қостанай облысының Қазақ орман әуе қорғау күзеті бөлімшесінің басшысы Тенизов А. Б, Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының директоры Қойлыбаев Д. Ғ, қатысты.

WhatsApp Image 2025 11 28 at 10.15.30

Күн тәртібінде Науырзым қорығы мен Алтын дала мемлекеттік табиғи резерваты басшыларының Өрт қауіпті кезеңінің қорытындысы бойынша баяндамалары тыңдалды. Кеңес отырысының шешімі бойынша, “Төтенше жағдайға ден қою кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды басқару және олардың өзара іс-қимылы алгоритмін бекіту туралы”бірлескен бұйрық талқыланды. Сондай-ақ, 2026 жылға Өрт қауіпсіздігі кезеңіне дайындықты бастау тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии природных ресурсов Республики Казахстан

Контакты

Телефон
+7 7145 421141
Адрес
с.Караменды, Казбек Би, 5 Карамендинский с.о. Hаурзумский район Костанайская область Республики Казахстан
Электронная почта
naurzum_mtk@mail.ru