Түркебай ата мешітінің имамы бастаған өкілдері мен Наурызым қорығының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауданымыздың жастарын жинап "Рухани жеті қазық" атты форум өткізілді.
Бұл форумның негізігі мақсаты ауданымызда "Бұлақ көрсең көзін аш" Экотуризмді қалай дамытудың жолдары атты бағытта өрбіді. Жастар көктем шыға бұлақтарды тазалап қорыққа туристерді тартудың жолдарын айтып өз ойларын ортаға салды. Ақсақалдар жастарға ақ баталарын беріп ізгі бастамаларына сәттілік тіледі.